Өзбекстан банктері тәулік бойы жұмыс істеуге міндеттелді
Өзбекстан банктері пластикалық карталарын жоғалтқан жағдайда пайдаланушыларды тәулік бойы қорғауға міндеттелді. Мұндай талап жақында ғана қол қойылған «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңда белгіленген, деп хабарлайды Әділет министрлігінің телеграмм-арнасы.
Енді клиеттер картаны жоғалтқаны немесе оның рұқсатсыз пайдаланылғаны туралы тәуліктің кез келген уақытында хабарлай алады, ал бұрын мұндай арыздар тек жұмыс күндерінде және жұмыс уақытында ғана қабылданатын.
Карточкаларды бұғаттау жөнінде клиенттерге тәулік бойы қолдау көрсетудің болмауы салдарынан, қаскүнемдердің көп ретте бөтен біреудің карточкасын, иесі оны дүйсенбі күні банкке барып бұғаттағанша, демалыс күндерінде емін-еркін пайдалануына әкеліп соғатын. Тіпті, Бірыңғай банкаралық процессингтік орталықтың болуы да мұндай жағдайлардың орын алуына әсер ете алмады. Мәселен, клиенттер демалыс күндерінде карточкаларын жоғалтқан жағдайда қаскүнемдер алдында дәрменсіз болатыны бірнеше дүркін әлеуметтік желіде талқыланған болатын. Олар жасалған шығындар туралы хабарламаларды оқып, дүйсенбіні күтуге мәжбүр болатын.
«Төлемдер туралы» Заң, айтпақшы, клиенттерді қолдаудың жаңа ережелерін енгізіп қана қоймайды, сонымен қатар, Өзбекстанның банк тәжірибесінде алғаш рет күнделікті қолданысқа электрондық ақша, төлем қызметтерін жеткізуші, банк агенттері (сақтандыру агенттеріне құсас) сияқты және тағы басқа бір қатар түсініктерді енгізеді.