Ганада Марбург безгегінің екі жағдайы расталды
Жарияланды
100-ге жуық адам карантинге оқшауланды
Гана денсаулық сақтау қызметі Марбург безгегінің екі жағдайын растады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) елде Марбург инфекциясының күдікті екі жағдайын хабарлады.
«Марбург вирусының екі жағдайының алдын ала анықталғаны туралы хабарландырудан кейін … 7 шілдеде Гана денсаулық сақтау қызметі одан әрі тестілеу … нәтижелерді растағанын хабарлайды», – делінген денсаулық сақтау қызметі Twitter-дегі мәлімдемесінде.
Айта кетейік, екі жұқтырған және олармен байланыста болған 98 адам карантинде.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қазіргі уақытта безгекті емдеуге арналған вакциналар немесе вирусқа қарсы препараттар жоқ.