Қазақстанда ШОБ субъектілерінің саны 13,3%-ға өсті
Олардың жалпы саны 1,5 миллион болды
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 13,3%-ға өсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық бюросы хабарлайды.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,5 миллионға жеткені, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 13,3 пайызға артық екені атап өтілді.
«ШОБ субъектілерінің жалпы санындағы үлесі: жеке кәсіпкерлер – 65,3%, шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 20,2%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 14,3%, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 0,2%», – делінген хабарламада.
Жұмыс істеп тұрған субъектілердің басым бөлігі Алматыда (244 мың), Нұр-Сұлтанда (179 мың) және Түркістан облысында (155 мың), ең азы – Ұлытау облысында (14 мың).