Елордада сары аймаққа байланысты шектеулер енгізілуде
Жарияланды
Шектеу шаралар туралы қаулы 23 шілдеде күшіне енеді
Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері қалада шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Almatyapat Telegram арнасы хабарлады.
Ұсынылады: адам көп жиналатын жерлерге барғанда бетперде кию; 10-нан астам қатысушылары бар жиналыстарды (сессияларды) қашықтағы форматқа көшіру.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында топтар мен сабақтарды біріктіретін іс-шараларды өткізуді болдырмау (іс-шараларды топпен өткізуге рұқсат етіледі), сондай-ақ қала тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация мен ревакцинацияны күшейту туралы шешім қабылданды.
Соңғы тәулікте Қазақстанда COVID-19 коронавирусын жұқтырған 2 480 жағдай тіркелді.