Францияда суды пайдалануға шектеулер енгізілді
Жарияланды
Елдегі құрғақшылық қаупіне байланысты
Францияның барлық дерлік департаменттері құрғақшылыққа байланысты жоғары дабыл жариялады. Оған бірнеше аптадан бері сақталып келе жатқан қалыптан тыс ыстық ауа райы себеп болды, деп хабарлайды Хабар 24 .
Елде құрғақшылық қаупіне байланысты суды пайдалануға шектеулер енгізілді.
Күндізгі уақытта бақшалар мен көгалдарды суаруға, көліктерді жууға және бассейндерді толтыруға тыйым салынады.
Әсіресе аптап ыстықтың салдары Францияның батыс аймақтарына қатты әсер етті. Ол жерде «Қызыл» қауіптілік коды бар.
Ауа райы болжамы бойынша, алдағы күндері жағдайдың жақсаруы екіталай.