Елімізде өткен тәулікте 2021 адамда індет анықталды
Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 1 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2021 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 354 615 жетті.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 958, Алматы қаласында – 345, Шымкент қаласында – 18, Ақмола облысында – 65, Ақтөбе облысында – 63, Алматы облысында – 62, Жетісу облысында – 75, Атырау облысында – 13, Шығыс Қазақстан облысында – 20, Абай облысында – 25, Жамбыл облысында – 41, Батыс Қазақстан облысында – 32, Қарағанды облысында – 150, Ұлытау облысында – 20, Қостанай облысында – 20, Қызылорда облысында – 38, Маңғыстау облысында – 15, Павлодар облысында – 41, Солтүстік Қазақстан облысында – 14, Түркістан облысында – 6.