Елімізде пияз бағасы айтарлықтай көтерілді

Жарияланды

Өңірлер бөлінісінде ең көп өсім Алматы облысында тіркелді

Шілде айындағы жылдық инфляция көрсеткіштері бойынша азық-түлік нарығында басты пияздың бағасы айтарлықтай көтерілді – 71,7%. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Маусым айымен салыстырғанда көкөніс бағасы бір айда 9,8%-ға, ал өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда екі есеге, яғни 106,2%-ға қымбаттады.

Өңірлер бөлінісінде ең көп өсім Алматы облысында тіркелді, онда пияз бір айда (2022 жылғы маусымға қарағанда) 21,2%-ға қымбаттады, одан кейін Жетісу және БҚО облыстарында, тиісінше 20,9% және 19,1%-дан.

Былтырғы шілде айында пияздың бөлшек саудадағы орташа бағасы 103 тг болған, ал биылғы шілде айында бір килограмы орта есеппен 192 тг саудаланды.

Сондай-ақ оқыңыз