Биыл 17,7 млн тонна көлемінде астық түсімі жоғары болады деп күтілуде

Жарияланды
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да биылғы астықты тасымалдауды ұйымдастыру жайы талқыланды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Владимир Петровтың төрағалығымен астық тасымалдау мәселелері бойынша ZOOM-кеңес болып өтті. Оған көлік және экспедиторлық компаниялар мен трейдерлердің 120 өкілі қатысты. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылы 17,7 млн тонна көлемінде астық түсімі жоғары болады деп күтілуде. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да орылған астықты сапалы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Штаб құрылды. Жол бөлімшелерінде жедел астық топтарының тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылды.

 2022 жылдың жеті айында 5,1 млн тонна астық тиеліп, оның 4 млн. тоннасы экспортталды. Ұн тиеу 2021 жылға қарай 21%-ке, яғни 1,6 млн тоннаға дейін өсті. Экспорт 38%-ке артты. Қазақстан астығын теміржол көлігімен экспорттауға барлық бағыттар ашық.

Тасымалдау процесін оңтайландыру үшін астық пен ұнтақталған  өнімдерді маршруттық пойыздармен жөнелту ұсынылады. Бұл жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуға және вагондар айналымын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Кеңес барысында жүк жөнелтушілер тасымалдауды ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстары мен сұрақтарын алға тартты. Астық тасымалдау үшін жылжымалы құрам тапшылығы  тәуекелінің барлығы  атап өтілді. Бұл вагондардың қазақстандық жеке меншік иелері бағамдық айырмашылыққа байланысты вагондарды жалға беру тиімдірек болғандықтан жылжымалы құрамды басқа теміржол әкімшіліктеріне бағыттайтындығымен байланысты.

Сондай-ақ оқыңыз