Тоқаев Шөкеевтің отставкасын қабылдады
Жарияланды
Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкасын қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Шөкеевке облыс басшысы ретіндегі көп жылғы еңбегі үшін алғыс айтты.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.