Қазақстан мен Ресей шекараны бекітті
Опубликовано
Демаркация 86,7%-ға орындалды
Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық шекараны бекітті, деп хабарлайды РФ президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «РИА Новости».
Шекараның ұзындығы 7,5 мың километрді құрады, шекара белгілерін орнату жұмысы 86,7%-ға орындалды.
Естеріңізге салсақ, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин Омбыда өтетін өңіраралық әріптестіктің форумына қатысты.
«Ресей және Қазақстан президенттері жеке кездесуде екіжақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды», – делінген Кремльдің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.