Сбербанк Қазақстан енді «Береке банк» деп аталады
Жарияланды
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев "Сбербанк Қазақстан" ребрендинг жүргізіп, "Береке" атауын алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Шарлапаев журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, ребрендинг қажет болады. Ол 1 қыркүйекте меншік құқығын беру мәмілесі жабылғанын қосты
«Жаңа банк «Береке банк» деп аталмақ. Қазақтың жақсы сөзі, оны бәріміз бір-бірімізге тілейміз. Менің ойымша, бұл банк бұрын жұмыс істеген құндылықтар мен міндеттемені көрсетеді және болашақта жұмысын жалғастырады деп үміттенемін»- деді Қанат Шарлапаев
2 қыркүйекте «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Қазақстандағы Жинақ банкінің еншілес банкі («Сбербанк» АҚ ЕБ) акцияларының барлық пакетін сату-сатып алу мәмілесін жапқаны белгілі болды.