Елордадан Ұлытау облысына жаңа жолаушылар пойызы жолға шығады
Жолаушылар пойызы екі күнде жүреді: жұп күндері – Нұр-Сұлтаннан, тақ күндері – Жезқазғаннан кері.
Talgo вагондарынан құрылған пойызда 344 орын бар. Вагондар ауа баптау жүйесімен және биоәжетханалармен жабдықталған. Әр купеде электр розеткалар бар. Сонымен қатар, жолаушылар жол бойында Vputi.kz мультимедиялық порталында фильм көріп, музыка тыңдай алады.
Сондай-ақ, жолаушылар вагон-мейрамхананың қызметін пайдалана алады. Душ кабиналары тек Grand және Grand PMR класындағы вагондарда (мүгедектерге арналған) бар.
Еске салайық, ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында №73/74 «Алматы-2-Жезқазған» бағытындағы Талго вагондарынан құрылған пойыз жолға шыққан болатын.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ № 65/66 Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Жезқазған пойызына билеттер сатылымы басталғанын хабарлайды және жолаушыларды BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе ҚТЖ Билеттері мобильді қосымшасы арқылы онлайн сатып алуды сұрайды. Сондай-ақ электронды кезекті пайдалануды ұсынады.
Ақпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен алынды