Өскеменде апиын құйылған шприці бар ер адам ұсталған
«Қарасора-2022» жедел профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері есірткі сақтаған деген күдікпен 39 жастағы өскемендікті ұстаған.
Күдіктінің үйін жедел тінту кезінде полиция қызметкерлері сары-қоңыр түсті сұйықтықпен толтырылған медициналық шприцті, қара түсті заты бар металл шыныаяқ пен медициналық пипеткалар салынған қорапты тауып, тәркілеген.
Сарапшының қорытындысына сәйкес медициналық шприцтегі анықталған сұйықтық көлемі 5 мл «экстракциялық апиын» ерітіндісі болып табылады, 5 мл ерітіндідегі экстракциялық апиынның құрғақ қалдығының салмағы 0,0311г құраған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (санкциясымен 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза көзделетін есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақпарат ШҚО ПД Баспасөз қызметінен алынды