Ақшаны қайда инвестициялау керек?

Жарияланды
Депозиттер қашаннан қазақстандықтардың жинақтарын қорғай алмайды

Дүниежүзілік нарықтардағы инфляция мен құбылмалылық жағдайында ақшаны қайда инвестициялау керек?

Депозиттер қашаннан қазақстандықтардың жинақтарын қорғай алмайды

Биылғы жылдың тамыз айында инфляцияның өсуі жалғасып, 16,1%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 20,8%, азық-түлік емес тауарлар 15,5%, ақылы қызметтерге 10,1% қымбаттады.

Инфляцияның өсіп жатқан кезінде жинақтарды сақтау және ұлғайту мәселесі өзекті болып отыр. Дәстүр бойынша депозиттер қазақстандықтар үшін қаражатты инвестициялаудың және инфляциядан қорғаудың ең таралған құралы болды. Дегенмен, қазір инфляция депозиттер бойынша кірісті толығымен жұтып, тіпті айтарлықтай асып түседі, бұл депозитке ақша салудың тиімділігін жояды. Мәселен, быилғы жылдың шілде айындағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың депозиттері бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі небәрі 11,8%-ды құраса, есепті кезеңде инфляция 15%-ға жеткен.

Дағдарыс пен геосаяси белгісіздік кезде де бағалы қағаздар нарығы айтарлықтай құбылмалы, инвестициялық тәуекелдер өсуде. Ең үлкен қор индекстеріне қарап бағалы қағаздар нарығының құбылмалылығын анық көруге болады. Мысалы, US 500 Cash, Dow Jones Industrial Average (DJI), DAX және FTSE 100 сияқты индекстер айтарлықтай құбылуда (диаграммаларда көрсетілген).

Ескерту: индекстер экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс істейтін әлемдегі ең ірі компанияларды ескереді, ал мына құбылмалылық осы компаниялардың акциялары бағасын көрсетеді. Осылайша, қазіргі уақытта бағалы қағаздар нарығына салынған инвестициялар, әсіресе нарыққа кәсіби көзқарасы жоқ тәжірибесіз инвесторлар үшін өте қауіпті болып саналады.

Қазіргі қиын жағдайда қызықты баламалы инвестициялық құралдардың бірнеше түрі бар, олардың арасында алтын және жылжымайтын мүлікке инвестицияларды атап өтуге болады. Ескерту: алтын ұзақ мерзімді инвестиция, бірақ қысқа мерзімде құнын жоғалтуы мүмкін. Мысалы, алтынның биылғы ең жоғары спот бағасы унциясына 2 мың АҚШ доллар 8 наурызда тіркелді, содан бері біз біртіндеп құлдырауды байқадық. Биылғы жылдың 15 қыркүйегінде баға ұзақ мерзімді динамикада ең сенімді активтердің бірі болып қала беретініне қарамастан, қазір алтынның бағасы 1,7 мың АҚШ долларына төмендеді.

Өз кезегінде, жылжымайтын мүлік бағасы, әсіресе биылғы жылы сегменттің инвестициялық тартымдылығын арттыра отырып, айтарлықтай өсуді көрсетеді. Мәселен, 2022 жылдың тамызында Қазақстанда жаңа тұрғын үйді сатудың орташа бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,8% өсті. Бұл ретте қайталама нарықта өсім бірден жылына 72,2%-ды құрады. Сонымен қатар, жалға алу да қымбаттауда: бір жылда бірден 2,2 рет өскен.

Дегенмен, графиктер сектордағы бағаның өсуі тек биылғы жылы ғана байқалмағанын, ал тұрғын үйге инвестиция салу бүкіл әлемде танымал болып қала беретінін анық көрсетеді. Қазақстанда мұндай инвестицияның пайдасын нақты тұрғын үй кешендерінің мысалында, әсіресе елдің ірі құрылыс салушыларынан (BI Group, BAZIS-A, K7 Group, Rams Kazakhstan және т. б.) көруге болады.

Мысалы: Астанадағы Nova City тұрғын үй кешенінің (BI Group) жаңа пәтерлеріндегі 2020 жылдың шілдесінде 1 шаршы метріне 287 мың теңгені құрады. Ал бүгін қайталама нарықта сол пәтерлердің құны шаршы метрі 500 мың теңгеден асады. Пәтер 57 шаршы метр екі бөлмелі делік. 2020 жылы 16 млн теңгені құраса, қазір оның құны 31 млн теңгеден асты.

Сондай-ақ оқыңыз