Тоқаев: «Адамдардың талап-тілектерін жақсы түсінемін»

Жарияланды
Мемлекет басшысы шахтерлардың өтінішіне жауап берді

Мемлекет басшысы Қарағанды жұртшылығымен кездесуінде облыстың тыныс-тіршілігімен танысып, нақты мәселелерді талқылау үшін арнайы келгенін атап өтті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Президент өз сөзінде шахтерлер Азаматтық кодекстің  регрестік және зейнеткерлік төлемдер бөлігіне түзету енгізу қажеттігін  біраз уақыттан бері айтып келе жатқанына тоқталды.

«Адамдардың талап-тілектерін жақсы түсінемін. Бұл – зейнеткерлік және салық жүйелерін, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыруды өзгертуге қатысты өте күрделі мәселе. Бұл мәселені әріптестеріңіздің, жолдастарыңызды, экономиканың  басқа да қауіпті салаларында еңбек ететін жұмысшылардың және жалпы қоғамдағы барлық топтардың мүддесін ескере отырып, мұқият қарастыру керек. Үкіметтің белгілі бір әзірлемелері бар. Келесі жылдың басында Үкімет маған нақты ұсыныстар береді», – деді Президент.

Сондай-ақ оқыңыз