Елімізде ақылы білім беру бағасы 13,8%-ға өсті

Жарияланды
Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары өсім

Білім беру қызметтерінің бағасы қыркүйекте 2021 жылғы тиісті аймен салыстырғанда 13,8%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары өсім.

Мектеп пәндері бойынша білім беру орталықтарының қызметтері бір жылдың ішінде 10,2%-ға өсті.

Колледжде білім беру ақысы 19,5%, ал жоғары оқу орындарындағы білім 16,3%-ға қымбаттады.

Түрлі кәсіптік оқыту курстарының бағасы 15,6% өсті.

Сондай-ақ оқыңыз