Ресейде тұрғын үйге жарылыс болды

Жарияланды
Апат болған жерде төтенше жағдай жарияланды

Ресейдің Ейск қаласында 17 қазан күні кешке Су-34 жойғыш-бомбалаушы ұшағы тұрғын үйдің үстіне құлады, деп хабарлайды РИА Новости.

Қазіргі уақытта 13 қаза тауып, 19 жараланғаны белгілі. Ұшақтағы апат оқу-жаттығу кезінде болған. Ұшақ көтеріліп ұшқаннан кейін бірден құлаған.

Ұшақтың ұшқыштарыаман қалды. Ал апаттың себебі қозғалтқыштардың бірінің тұтануы деп аталды.

Оқиға туралы қаланың Төтенше жағдайлар министрлігіне жергілікті уақыт бойынша сағат 18:25-те хабарланған, құлағаннан кейін Коммунистическая көшесі, 20/1 мекенжайындағы үй өртенген.

Апат болған жерде төтенше жағдай жарияланды, құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ тұрғын үйдің 72 пәтері зардап шекті, апаттан шыққан өрт тоғыздың бес қабатын шарпыған.

Су-34 – жау нысандарына әуе соққыларын беруге арналған ресейлік көп функциялы алдыңғы қатардағы дыбыстан жылдам жойғыш-бомбалаушы.

Ейск — Ресейдің оңтүстік-батысында, Краснодар өлкесіндегі қала. Халық саны 83 мыңнан асады.

Сондай-ақ оқыңыз