Чехия Шенген визасы бар ресейліктер үшін шекараны жапты

Жарияланды
Республикаға қызметтік немесе емделу мақсатында келетін жолаушылардан басқа

Чехия билігі Ресей азаматтарының туристік, мәдени немесе спорттық іс-шараларға бару мақсатында берілген қысқа мерзімді Шенген визалары бойынша елге кіруін ресми түрде жапты.

Бұл туралы Чехияның Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ян Липавский мәлімдеді.

Бұл шара виза берген мемлекетке қарамастан барлық туристік визаларға қолданылады.

Шенген аймағының сыртқы шекаралары арқылы, яғни халықаралық әуежайлар арқылы Чехияға келген ресейліктерге кіруге тыйым салынады.

Республикаға қызметтік немесе емделу мақсатында келетін жолаушыларға ерекше жағдай жасалады.

Чехия Польша мен Финляндиядан кейін Украинадағы соғыс кезінде ресейліктер үшін шекарасын жапқан келесі ел болды.

Сондай-ақ оқыңыз