МАГАТЭ Солтүстік Кореяға ескерту жасады

Жарияланды
Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады

Солтүстік Корея ядролық сынақты жетінші рет өткізсе, бұл оның жойқын қару бағдарламасын қарқынды жүзеге асырып жатқанын көрсетеді. БҰҰ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің бас директоры Рафаэль Гросси Пхеньянның соңғы уақытта зымырандарды сынауды жиілетуіне байланысты осылай деп мәлімдеді.

Пхеньян тамыз айынан түрлі қашықтықтағы зымырандарды ұшыруды көбейтті. Осыған байланысты АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея Солтүстік Корея ядролық қаруды қайта сынағалы жатыр деп күдіктеніп отыр.   Рафаэль Гросси, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры: – Солтүстік Кореядағы жағдайды барлығы мұқият бақылап отыр. Егер Пхеньян тағы бір рет ядролық сынақ өткізсе бұл олардың өздерінің арсеналын жетілдіріп жатқанын білдіреді. Біз мұндай бола қоймас деп үміттенеміз. Бірақ ондағы әрекеттер ахуалды ушықтырып жатқанын көрсетіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз