Еліміздің қай қалаларында жанармай қымбат?

Жарияланды
Қазақстанда орта есеппен бензин бағасы 4% -ға қымбаттады

Биылғы қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанда авиабензинді қосқанда 3,7 млн тоннадан астам бензин өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6% артық. Мотор отынының өндірісі жетінші жыл қатарынан өсім көрсетіп отыр. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.

ҚР-ның мұнай өңдеу зауыттары биыл қаңтар–тамыз айларында бензинге деген сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 100%-ға дерлік көрсеткішке қарағанда биыл 98,7% қамтамасыз етті. Тиісті кезеңде өнім көлемі 4,3%, 3,3 млн тоннаға дейін өсті, ал импорт бірден 44,7 есе, бірақ бар болғаны 43 мың тоннаға дейін ғана өсті.

Мотор отынының экспорты, керісінше, 2022 жылғы қаңтар–тамызда 24 мың тоннаны құрап, 4,2 есе қысқарды. Ал ішкі сауда көлемі 8,4% өсіп, 3,3 млн тоннаны құрады.

Биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша, бензин бір айда 0,3%а қымбаттады. Бұған дейін қаңтар–маусым айларында бензин ай сайын 0,1%–0,2% арзандап отырды, шілдеде баға бұрынғы деңгейде қалды, ал тамызда 0,1% өсті. Нәтижесінде биылғы жылдың басынан бері бензин 0,4% арзандады.

Салыстыру үшін: өткен жылдың қыркүйек айында бензин 2020 жылдың желтоқсанына қарай бірден 14,7% қымбаттады.

Жылдық бағаның өсуі, яғни 2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда бағаның өсуі 4%-ды құрады. ҚР өңірлерінің ішінде бір жылда бағаның айтарлықтай өсуі Солтүстік Қазақстан (5,5%), Павлодар (5,1%) және Батыс Қазақстан (4,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (4,8%-ға) байқалды.

Бағаның ең аз өсуі Ақмола (бір жылда 2,2%) және Маңғыстау (2,6%) облыстарында тіркелді.

АИ-92 маркалы бензин жыл басынан бері 0,7% арзандаса, 2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 3,5% қымбаттады.

АИ-95/96 маркалы бензин жыл басынан бері 1,4%, бір жылда 6,9% қымбаттады.

АИ-98 маркалы бензин жыл басынан бері 0,3%, бір жылда 6% қымбаттады.

2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бір литрінің орташа бөлшек сауда бағасы 179 теңгені құрады. АИ-95/96 маркалы бензиннің литрі 211 теңге, АИ-98 232 теңге болды.

Қазақстан қалаларының ішінде ең қымбат АИ-92 маркалы бензин Петропавлда (литріне 184 теңге), Астанада (литріне 182 теңге), Жезқазғанда (литріне 182 теңге) және Қостанайда (литріне 182 теңге) сатылды. Ең қымбат АИ-95/96 бензині Қостанай (литріне 222 теңге), Петропавл (литріне 217 теңге) және Алматы (литріне 215 теңге) қалаларында сатылды. АИ-98 маркалы бензин Павлодар (литріне 242 теңге), Қостанай (литріне 238 теңге) және Алматы (литріне 235 теңге) қалаларында ең қымбат болды.

Сондай-ақ оқыңыз