«Біз сұлулықты ғана емес, білімді де бағалаймыз»

Жарияланды
18 қарашада Алматы қаласында "Miss Qazaqstan 2022" байқауының финалы өтеді

Әлеуметтік желілерде байқаудың аймақтық директорларының бірінің жазбасы тарады. Ол байқауға қатысушыларды іріктеу бойынша кастинг бөлімінің шешімін «бұрын-соңды болмаған» және «дискриминациялық» деп атады, себебі оның ойынша, кейбір аймақтық байқаулардың жеңімпаздары финалға қатысуға жарамсыз болған.

Биылғы жылы байқау ұйымдастырушыларының іс-шара кастингін өткізу тәсілін өзгерткенін хабарлаймыз. Бұл байқауды өткізудің бәсекеге қабілеттілігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған,-деп хабарлайды «Miss Qazaqstan-2022» жобасының PR -директоры Камшат Әкімқожақызы.

PR -директорының айтуынша, сапалы кастинг өткізу үшін өңірлік ұйымдастырушыларға да, байқауға қатысушыларға да қойылатын талаптар артты, олар мінсіз сырт келбеттен басқа, беделге және жоғары интеллектке ие болуы қажет, өйткені іріктелген «Қазақстан аруы» елдің жаңа тұлғасына айналмақ. «Miss Qazaqstan-2022» ұлттық сұлулық байқауының финалына Орал, Талдықорған, Петропавл, Ақтау, Өскемен, Тараз және Қызылорда сияқты өңірлердің жеңімпаздары кірмегенін хабарлаймыз. Себебі аталған өңірлердің жеңімпаздары жартылай финалда байқау талаптарына толық сәйкес келмеген. Мысалы, аймақ жеңімпаздарының бірі 16 жастағы бойжеткен болған. Алайда, қатысушылардың жасы – байқау финалына қатысу үшін негізгі іріктеу критерийлерінің бірі еді. Бұл кез-келген халықаралық сұлулық байқауының шарты. 

Біз өңірлердің пікірін тыңдап, арулардың кеңсеге өз бетінше жіберген сауалнамаларына жауап бердік. Қазіргі уақытта финалистердің соңғы тізімін бере алмаймыз, өйткені финал әлі барлық жерде өтіп болған жоқ. Олардың аяқталуын күтеміз және 9 қараша күні өтетін баспасөз конференциясында БАҚ-қа қатысушылар мен олардың қалалары мен аймақтары туралы ақпарат береміз.

Алайда бір пункт бойынша өтпегендерді мақұлдай алмаймыз, өйткені біз ұстанатын халықаралық байқау стандарттары бар.

Жеңімпаз Халықаралық конкурстарда Қазақстанның атынан қатысатын болады, бұл стандарттар шеңберінде де лайықты шешім болуы тиіс.

«Miss Qazaqstan» ұлттық сұлулық байқауының бүгінгі таңда «Miss World», «Miss Earth», «Miss Universe» сияқты әлемдік байқауларға лицензиясы бар екенін және біз сол жерге үздіктердің ең үздігін жібергіміз келетінін ерекше атап өткіміз келеді. Біздің жоспарымыз – әлемдік сұлулық байқауларында титулдық орынды иелену.

«Miss Qazaqstan-2022» ұлттық сұлулық байқауы – еліміз үшін әлемдік аренада өзін лайықты көрсетуге және Қазақстанның бүкіл әлемде танылуын арттыруға тамаша мүмкіндік. Осы іс-шараға көптеген ресурстар, күштер мен уақыт жұмсай отырып, біз стандарттарды жетілдіруді және «Әлем аруы» мен «Жер аруы» байқауларының үздік позицияларына енуді мақсат етеміз. Қазақстан бұған лайық екеніне сенімдіміз!

Жазбада көрсетілген наразылықтың бірі-«Sun Group» логотипін байқаулардың барлық баспасөз қабырғаларына, соның ішінде аймақтық қабырғаларға қою шарты болған. Бұл талап «Sun Group» компаниясы «Miss Qazaqstan-2022» ұлттық сұлулық байқауының бас демеушісі болып табылатындығына байланысты. Аталған міндеттеме серіктеспен жасалған келісімшартта көрсетілген. «Sun Group» компаниясынан басқа бізді НТК телеарнасы, LUX FM радиосы, Армат голд зергерлік компаниясы және т. б. қолдады.

Барлық өңірлік ұйымдастырушылар Алматыда өтетін финалдық шоуға шақырылды. Мұнда енгізілген жаңалықтардың кем тұстарын жүйелі саралап, талқылауға мүмкіндік болады.

* 2022 жылғы 18 қарашада Алматы қаласында «Miss Qazaqstan 2022» байқауының финалы өтеді. Биылғы жылы сұлулық байқауына қатысу үшін қазылар алқасы еліміздің барлық өңірлерінен 25 финалисті таңдап алды.

Кастингке қатысуға 17 жастан 25 жасқа дейінгі, бойы 165-тен 185 см-ге дейінгі қыздарға рұқсат етілді. Қазылар алқасы мен ұлттық сұлулық байқауының дирекциясы қатысушыларды табиғи сұлулығы үшін ғана іріктеп алған жоқ, сонымен қатар үміткерлердің шешендік қабілеттеріне, білімі мен сауаттылығына да назар аударды. Қазақ және ағылшын тілдерін білу әр финалистке «Miss Qazaqstan» атағы үшін күресте маңызды артықшылық болып есептеледі.

Байқаудың негізгі міндеті-халқымыздың мәдени және этникалық негіздерін сақтау және насихаттау және мәдени мұраны арттыру. Сонымен қатар, байқау сұлулардың сыртқы келбетін ғана емес, сонымен қатар олардың рухани әлемі мен ұлттық бірегейлігін көрсетуге тырысады.

Сондай-ақ оқыңыз