«Kaspersky» шешімдері Қазақстандағы ҚР СТ ISO/IEC сертификатынан өтті
«Kaspersky» Қазақстандағы өнеркәсіптік желілер мен басқа да маңызды инфрақұрылым объектілерін қорғау үшін компанияның флагмандық өнімдерінің сәтті сертификатталуы туралы хабарлайды. Kaspersky Nustrial Cybersecurity for Nodes және Kaspersky Industrial Cybersecurity for Networks ҚР СТ ISO / IEC 15408-3-2017 стандартының бесінші бағалау сенім деңгейі бойынша (5 БСД) талаптарына толық сәйкес келеді.
Сертификат 2025 жылдың 22 тамызына дейін жарамды. Бұл «Kaspersky»-дің өңірлік өкілдігіне киберқауіпсіздікке жоғары талаптар қоятын мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда екі бағдарламалық өнімді де енгізуге мүмкіндік береді.
Сертификаттау рәсімдеріне сәйкес «Инфосерт» аккредиттелген сертификаттау органының сынақ орталығының мамандары Kaspersky Nustrial Cybersecurity for Nodes және Kaspersky Industrial Cybersecurity for Networks шешімдері бар стендті орналастырды, сертификаттау сынақтарының барлық циклін сәтті өткізді, оның ішінде өнімдердің қауіпсіздік архитектурасы мен жобалау құжаттамасына терең талдау, толық ауқымды функционалды тестілеу, шабуыл жасау әлеуеті жоғары бұзушылардың ену әрекеттеріне қарсы тұруды көрсететін осалдықтарға тәуелсіз талдау, сондай-ақ басқа да сынақтарды жасады. Нәтижелері бойынша екі шешім де ҚР СТ ISO/IEC 15408-3-2017 стандартының 5 БСД барлық талаптарына сәйкес деп танылды.
«Өнеркәсіптік инфрақұрылымды қорғау үшін стандартты антивирустық шешім жеткіліксіз, ол үшін операциялық технологиялардың ерекшеліктерін ескеретін мамандандырылған жүйелер, атап айтқанда Kaspersky Nustrial Cybersecurity for Nodes және Kaspersky Industrial Cybersecurity for Networks қажет. Мұндай шешімдерге қауіпсіздіктің жоғары талаптары қойылады, сондықтан мұндай деңгейдегі сертификаттау мәртебесін алу шешімдердің әзірленуі мен функционалдық мүмкіндіктерінің жоғары сапасын, киберинциденттерден қорғауды қамтамасыз ету кепілдігін және қауіптерді анықтаудың жоғары деңгейін растайды», — деп атап өтті «Kaspersky»-дің Қазақстандағы, Орта Азиядағы және Моңғолиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.