Студенттер банктерден 2-3 пайызбен несие рәсімдей алады
Жарияланды
(жаңартылды )
Оқу ақысын төлеу үшін
Келесі жылдан бастап студенттер оқу ақысын төлеу үшін банктерден 2-3 пайызбен несие рәсімдей алады. Бұл туралы El.kz сайты хабарлады.
«Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) талапкердің оқу жетістіктері мен әлеуметтік жағдайын ескеретін көрсеткіштер бойынша жетілдіріледі. Аталған тәсіл грант бағасы жүйесіне (30%дан 100%-ға дейін) дифференциация енгізуде де қолданылатын болады. Білім алушыларға 2-3%-дық жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері де жоспарланып отыр», – деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.