Шығыны аз, табысы мол кәсіп
Шымкент қаласында бие сауып, саумал сататын Бекзат Абдулла қазіргі уақытта айына тұрақты түрде 1 200 000 теңге табыс тауып отыр. Кәсіпкердің айтуынша, бұл бизнесте үлкен шығын жоқ, кәсіп өзін толық ақтайды.
Тез сіңетін қасиеті бар биологиялық табиғи өнім – саумалда көптеген дәрумен, микроэлементтер мен басқа да биологиялық белсенді заттар бар. Саумалда бар микроэлементтер басқа сүт өнімдерінде кездеспейді. Ал, құрамындағы С дәруменінің мөлшері, сиырдың сүтінен 7 есе жоғары.Ол физикалық және химиялық құрамы жағынан ана сүтіне өте жақын болып есептеледі.
– Бұл бизнеспеп қашаннан бері айналысып жүрсіздер?
– Бұл саланы бастағанымызға биыл жеті жыл болды. Қазіргі уақытта 10 биені кәсіп көзі ретінде пайдаланып отырмыз.
– Күніне қанша литр сауасыздар?
–10 биеден күніне 50 литр аламыз. 20 литрін саумал ретінде сатамыз. Қалған 30 литрінен қымыз ашытамыз. 1литр саумалдың бағасы –1600 теңге. Қымыздың 1 литр бағасы – 1000 теңге.
–Бір бие айына неше литр сүт береді?
– Айына орта есеппен санағанда 150-200 литр көлемінде сүт береді.
– Бір биеге айына қанша теңге шығын шығарасыздар? Шөбі, жемі дегендей…
– Бір биеге шығатын шығын орта есеппен алғанда 80-100 мың теңгеге жуық. Бірақ біздің кәсіпте жылқыға шығын шығарып отырған жоқпыз. Себебі біз- боигумус деген табиғи тыңайтқыш өндіреміз.
Биогумус деген не? Биогумус – органикалық тыңайтқыш, ауыл шаруашылығы қалдықтары жауын құрттары және басқа да микроағзалармен (саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицедтер, жәндіктер, буынаяқтылар) өңделеді. Биогумус өте пайдалы органикалық тыңайтқыш болғандықтан, оған деген сұраныс та өте көп.
– Бұл бизнесті жеті жыл бұрын бастадыңыздар. Қазіргі уақытпен салыстырғанда сұраныс қаншалықты артты?
– Сұраныс өте жақсы. Денсаулығын қалпына келтіру үшін адамдар саумал ішеді. Саумалдың пайдасын айтпасақ та, бәрі біледі. Мысалға алатын болсақ, пандемия кезінде саумал ішіп денсаулыған түзеген адамдар саны күрт өсті. Сол кездері айына 3 млн-нан аса пайда таптық.
– Саумал сатуда қандай да бір тәуекелдер бар ма? Жылқыға байланысты…
– Әрине бар. Жылқы денге – тірі жануар. Мысалға алатын болсақ, егер жеген жем-шөбіне қандай да бір көгерген шөп кіріп кетсе, жылқы бірнеше сағатта өліп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, ауырып қалады, сүті тартылып қалуы мүмкін, құлының түсіріп алуы мүмкін және т.б жағдайлар бар.
– Саумалды қанша уақыт ішкен дұрыс?
– Саумалды бір ай бойы үзбей ішкен дұрыс. Кейбір адамдар бір жыл бойы үзбей үшеді. Саумал деген дәрі емес, пайдасы болмаса, зияны жоқ. Иммунитетті көтеру ушін таптырмайтын табиғи дәруменге толы керемет өнім.
– Бұл кәсіппен кез келген адам айналыса ала ма?
– Жылқыны толық тани білген адам айналысқан дұрыс. Жылқы өте таза жануар. Бағана айтып өткендей жылқыны дұрыс білмесең 2-3 сағатта бұл жануардан айырылып қалуға болады. Сондықтан мал-жанның жайын білетін жандар айналысқаны дұрыс.
– Сұхбатыңызға рақмет.