БҰҰ: Үндістан халқы келесі жылы Қытайды басып озады

Жарияланды
Мумбайда халықтың 40%-ға жуығы өте кедей аудандарда тұрады

Үндістан халқы келесі жылы Қытайды басып озады Үндістан келесі жылы Қытайды басып озып, әлемдегі халқы ең көп елге айналады. Бұл туралы БҰҰ-ның жарияланған баяндамасында айтылған.

1,4 миллиард адам тұратын бұл мемлекет алдағы бірнеше онжылдықта қала халқының қарқынды өсуін күтеді. Бұл сарапшыларды алаңдатады, өйткені Үндістанның мегаполистері қазірдің өзінде толып кеткен және қажетті инфрақұрылымы жоқ.

Мумбайда халықтың 40%-ға жуығы сусыз, электр жарығы мен кәрізсіз кедей аудандарда тұрады. Дәл кедейлік деңгейі жоғары елдерде халық санының өсуі елеулі проблемалар туғызады, деп атап өтті баяндама авторлары.

Қытайға келетін болсақ, 1980-2015 жылдар аралығында жүргізілген және жақында жойылған «бір бала саясаты» өзін нәтижесін көрсете бастады. БҰҰ келесі жылдан бастап Қытай халқының саны азая бастайды деп күтуде.

Сондай-ақ оқыңыз