Қыста қай елдерге барып демалған дұрыс?

Жарияланды
Демалысты жаздағыдай өткізуге ыңғайлы жеті мемлекет

Қыстың суық мезгілінде жылы жағажайда жатып демалғанға не жетсін. Қыста теңізге қайда ұшу керек? Бүгінгі мақалада қысқы демалысты жаздағыдай өткізуге өте ыңғайлы жерлерді ұсынамыз.

Мысыр

Мысыр Африканың солтүстік-шығысында орналасқан. Туристердің 90%-ы жыл бойы жұмыс істейтін Шарм-эль-Шейх курортын жақсы көреді. Бұл елде жылдың кез келген уақытында туристерді кездестіруге болады. Қыста Қызыл теңіздегі Шарм-эль-Шейх немесе Хургада аймақтарында керемет демалыс өткізуге болады.

Артықшылықтары: Төзгісіз ыстық болмайды. Пирамидалар мен көне храмдарды көруге болады. Туристер аз.

Кемшіліктері: Кез келген туристік ел сияқты, Мысырда да демалысыңызды бұзатын кейбір кемшіліктері де бар. Тамақ пен сусындар ең сапалы емес. Барлық жерде саудаласу керек.

Қыста ауа райы: Егер Мысырда күз бен қыста салыстыратын болсақ, қаңтар айы әлдеқайда салқын. Қыста күндізгі ауа температурасы + 25 ° С-қа дейін жылиды. Судың температурасы +23°С дейін.

Біріккен Араб Әмірліктері

Біріккен Араб Әмірліктері алдыңғы орында тұрған бағыттардың бірі. БАӘ-де суға түсу маусымы қыркүйектен желтоқсанға дейін және наурыздан мамырға дейін созылады. Дубайға барудың ең жақсы уақыты қазан және сәуір айлары.

 Қыста ауа райы: + 30 °C-тан төмен, ал судың температурасы + 26-28 градус.

Таиланд

Таиландта курорттар өте көп.  Тайланд қыс мезгілінде демалуға болатын таптырмайдың елдердің бірі. Күндеріңізді керемет өткізу үшін Паттайя, Пхи-Пхи, Самет, Ланте мен Солтүстік Таиландқа баруға болады.

Артықшылықтары: тамаша жағажай, жақсы жайлы атмосфера, қызықты мәдениет, экскурсияға бай, әртүрлі демалыс шаралары, дәмді тағамдар мен жемістер, тамаша қонақүйлер.

Кемшіліктері: туристер көп, шулы, кейбір курорттар Оңтүстік-Шығыс Азия стандарттары бойынша қымбат.

Қыста ауа райы: Қаңтар мен ақпан айы құрғақ және ыстық, теңіз тыныш және мөлдір. Ауа температурасы шамамен + 32 ° С, су шамамен + 28 ° С.

Вьетнам

Вьетнам қыста шетелде жылы теңізде демалуға болатын ең жақсы жерлердің бірі.

Артықшылықтары: тур қымбат емес, тағамы дәмді, мәдениеті ерекше, жақсы және қымбат емес қонақүйлер, көптеген аттракциондар, тамаша жағажайы бар.

Кемшіліктері: тамақтандыру саласында тазалықтың сақталмауы вьетнамдықтардың әлсіз жері. Көшедегі дәмханаларда  жергілікті тұрғындармен бірге тамақтанудан бас тартсаңыз, қымбаттырақ мекемелерді таңдауға болады.

Қыста ауа райы: Қыста ауа райы құрғақ және жылы. Ауа мен судың температурасы шамамен бірдей +25…+28°C. Бірақ, желтоқсанда кейбір күндер жаңбырлы және желді, теңізде де толқындар қатты болады.

Малайзия

Малайзия-Теңіз жағалауындағы демалыс үшін де қолайлы және өте қызықты ел.

Артықшылықтары: әдемі пейзаждар, мәдениеттердің ерекше араласуы, жақсы жағажай демалысы, дәмді тағам, әдемі ұлттық саябақтар бар.

Кемшіліктері: Вьетнамдағы немесе Таиландтағыдай арзан емес, әсіресе аралдарда.

Қыста ауа райы:Ауа температурасы шамамен + 32 ° C, су шамамен + 28 ° C. Кейде жаңбыр жауады (әдетте тек кешке және түнде).

Филиппин

Филиппин– Сейшель аралдары мен Мальдив аралына тамаша балама: мұнда сіз қыста ақ құмы бар жағажайда жылы теңізде, қымбат емес демалуға болады.

Артықшылықтары: кез келген талғамға сай сегіз мың арал, тың экзотикалық табиғат, керемет жағажайлар, экскурсиялардың көптігі.

Кемшіліктері:  кедейлік, антисанитарлық жағдай, ірі қалалардағы қылмыс көп, тайфун қаупі,  ұшу уақыты өте ұзақ.

Қыста ауа райы: Ауа температурасы +30 ° C, су температурасы + 27 ° C шамасында.

Шри-Ланка

Шри-Ланка Үнді мұхитындағы аралдық мемлекет. Қыс мезгілі мұнда келуге ең жақсы уақыт. Жағалауда күндердің барлығы дерлік шуақты.

Қыста ауа райы: күндізгі температура шамамен +30 C. Ылғалдылық жоғары емес, кешке жылу төмендеп, +23 – +24 C дейін жетеді. Бұл кезеңде мұхит тыныш және қолайлы. Судың орташа температурасы +28 С.

Сондай-ақ оқыңыз