Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындар үлесін заңсыз иемдену, адам ұрлау бойынша тергеу аяқталды

Жарияланды
Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 млрд. теңгеден асады

Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді.

Сатыбалды Гүлмираның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.

Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді.

Осы факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді. Сатыбалды Гүлмираға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыз