Жеке тұлғалардың автокөлігі бойынша салық берешегі 3,7 млрд теңгені құрайды
Бұл туралы Алматы қаласындағы автокөлік иелеріне арналған №1 Мамандандырылған ХҚО-да өткен Қоғамдық қабылдауда айтылды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген Қоғамдық қабылдауға Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Үйсімбаев Ильдар Бахытұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Кулдашов Абдурасул Мақсұдұлы, орынбасары Болатбекова Әсем Болатбекқызы, Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Шыңдали Заңгар Асқарұлы және Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Түменбаев Қуаныш Әшірбайұлы, Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары. полиция подполковнигі Дәулет Көбейұлы Сейітқұлов, Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы процессингтік орталығының аға мемлекеттік автоинспекторы, полиция майоры Русланбек Қуанышбайұлы Ізтілеуовтер қатысып, автокөлік иелерінің сұрақтарына жауап берді.
Сұрақтардың көпшілігі шетелдік көліктерді заңдастыруға, біріншір рет тіркеу мәселесіне, сатылып кеткен көліктеріне келетін салықтарға, «қандас» мәртебесі бар азаматтарға қарастырылған жеңілдіктер, қатысты, сондай-ақ. Мамандандырылған ХҚО маңында қызметтерін ұсынатын кәсіпкерлердің орындарды жалға алу мәселелеріне қатысты сұрақтары болды.
«Біз бүгінгі Қоғамдық қабылдау тақырыбы – автокөлік иелерінің проблемалық мәселелеріне арналып отыр. Себебі,осы салада көп мәселелер кездесіп жатады. Сондықтан, осы саламен аналысып отырған мекеме өкілдерін халықпен бетпе-бет кездестіріп, толғандырған мәселелерінің шешілуіне ықпал етуді көздедік», – дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев.
Қала тұрғыны Арсен Ақбаев 11 орындық микроавтобусты жүк көлігіне айналдырғысы келетінін, оның жолын сұраса, Ержан Сегізсаринов оң жақты рөлді көлігін тіркеу жолын, Руслан Гурбанов Қырғызстан көлігін заңдастыру жолын, Ресей азаматы Алексей Класнер уақытша тіркелген көлігінің нөмірін қайта алғысы келетінін, Роза Ағыбаева көлігінің түсін өзгерткенде жасалатын процедуралар туралы сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.
«Автокөлік иелерінің мәселелеріне арналған бүгінгі қабылдаудың мақсатының бірі – сыбайлас жемқорлықтың, алаяқтық фактілерінің алдын алу. Автокөліктерінің мәселелерін шешу үшін делдалдарға алданатын аз емес. Ал бүгін, сондай азаматтар делдалсыз ақ мәселелерін шешуге болатынын білді. Тиісті орындар өкілдерінен жауабын, жолын білді» , – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.
Расында, қабылдауға келген азаматтардың көпшілігінің сұрағы көлік салығына қатысты болды. Біреулеріне сатылып кеткен көліктері үшін салық төлеу міндеттелген хабарлама келсе, енді бірінің атында жоқ көліктер үшін салық төлеуі тиіс болған. Мәселен, Қайсар Эобоев 2006 жылы сатылып кеткен көлігі үшін әлі салық төлеп жүргенін айтса, Әлібек Шуланов та сот сатылған көлігі үшін қайта-қайта салық төлегенін айтады. Жайдар Әбсаматов, Қалқаман Исламжанның да сұрақтары көлік салығы төңірегінде болды.
«Кейде көлікті сатып алған кезде салық берешегі болмайды. Себебі, ағымдағы кезең үшін салық жылдың соңында есептеледі. Көлік иесі мен сатып алғанда базада берешек шықпаған болатын деп өзінікін дұрыс санайды. Осылайша, бүгінде жеке тұлғалардың автокөлігі бойынша салық берешегі 3,7 млрд теңгені құрап отыр», – дейді Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Қуаныш Түменбаев.
Иә, бұл орайда да ортадағы делдалдардың қатысы жоқ емес. Қолдарына салық төленді деп түбіртек берілгенмен, бюджетке түспеген мысалдар да көп көрінеді. Делдалдар арқылы төленген салықтар базада қазір көрінбегенмен, 2-3 жылда шығып тұрады дейді. Сондықтан, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, автокөлік иелерін Жаңа жылды берешексіз қарсы алуға, өздерінің қарыздары бар-жоғын 1414 нөмірі арқылы немесе сайттан қарауға болатынын және төлемді ресми кассалар арқылы бюджетке төлеуді ескертеді.
«Шетелдік көліктерді заңдастыруға және Ресейден келіп жатқан азаматтар өз көліктерін тіркеу, мұрагерлік рәсімдеу бойынша сұрақтар да көп болды. Қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша күтіліп отырған Үкімет қаулысы көп проблеманы шешеді деп ойлаймыз», – дейді Әкімшілік полиция басқармасы процессингтік орталығының аға мемлекеттік автоинспекторы Русланбек Ізтілеуов.
Қабылдау барысында Ресей азаматтары Людмила Чен, Михаил Мамонтов, Михаил Захаровтар да көліктерін рәсімдеуге қатысты оңды жауап алып, алғыстарын айтты.
Қабылдау барысында 100-ге тарта адам сұрақтарына жауап алып, кейбір мәселелері сол жерде шешіліп қуанып жатты.
Бүгінгі қабылдау автокөлік иелеріне арналған орталықтарда болып жататын келеңсіздіктердің, сыбайлас жемқорлықтың, алаяқтың фактілерінің алдын алуға жасалған шара болды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру шеңберіндегі Қоғамдық қабылдауға келген 100-ден аса азамат сұрақтарын билік өкілдеріне бетпе-бет отырып жеткізе алды… Қабылдау барысындағы сындарлы диалогта мәселелері шешіліп, нәтижеге қанағаттанған азаматтардың көңіл-күйі, мұндай шаралардың қажеттілігін дәлелдегендей.