Ерлі-зайыптылар «жас» деген анықтамаға сәйкес келмесе
Дүниежүзінде де, Қазақстанда да жаңадан шаңырақ көтерушілер жастар бола бермейді. Бұл туралы Energyprom.kz мәлімдеді.
Бұрындары бүкіл әлемде және оның ішінде Қазақстанда да «жас отбасы» десе шаңырақ көтерушілердің жастар екені түсінікті болатын. Алайда қазір жағдай өзгеріп келеді, Қазақстанда да жаһандық үрдіс байқалады.
Мәселен, осыдан 10 жыл бұрын, яғни 2011 жылы тұрмысқа шығып жатқан қыздардың ішінде 35 жастан асқандарының үлесі небәрі 8,6%-ды құраса, бес жыл бұрын, яғни 2016 жылы — 10,5%-ды, 2019 жылы — 13%-ды, ал жылы 2021 жылы — бірден 15,5%-ды құрады.
Ерлер үшін жағдай тіпті өзгерген: егер 2011 жылы некеге тұрушы ер азаматтардың ішінде 35 жастан асқандар үлесі тек 13,7% болса, 2016 жылы — 15,7%, 2019 жылы — 18%, ал 2021 жылы — бірден 20,3% болды. Яғни, шаңырақ көтеріп жатқан әрбір бесінші қазақстандық ер азамат 35 жастан асқан.
Бірақ жас отбасы құрылып, ерлі-зайыптылар «жас» деген анықтамаға сәйкес келмесе ше? Мұндай жағдайдың республикада жыл өткен сайын жиі орын алатынын көріп отырмыз, ал жастар бағдарламасы бұл отбасылардың баспана мәселесін шешпейді. Бұл жағдайда Отбасы банкінен «Жас отбасы» бағдарламасына жүгінуге болады. Бағдарлама жақында шаңырақ көтерген барлық қазақстандықтарға арналған және оған қатысу үшін жасыңыздың нешеде екені маңызды емес, ең бастысы жақында ғана үйленген болсаңыз жеткілікті.
«Жас отбасы» бағдарламасы жылына небәрі 6%-бен (ЖТСМ — 6,3%-дан) аралық несие алуға мүмкіндік береді, бұл жинақтау мерзімі бір жыл ғана болатын нарықтық ұсыныстардан айтарлықтай төмен. Оның үстіне несие алғаннан кейін екі жыл өткен соң, тұрғын үй қарызына ауысқан кезде мөлшерлеме жылдық 5%-ға дейін төмендейді (ЖТСМ — 5,2%-дан).
Сонымен қатар, үлкен жеңілдіктер үшін сіз ерлі-зайыптылардың екеуіне де депозит ашып, оларды «Отбасылық пакетке» біріктіріп, екі еселенген мемлекеттік сыйлықақы аласыз.
Жаңа отбасыларға арналған бағдарлама бойынша несиелендірудің мақсаты жас жұбайлар кездесетін мәселелердің кең ауқымын қамтитынын және негізгі және қосалқы тұрғын үйді сатып алуға және жөндеуге, оның ішінде үлестік келісім бойынша, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына, оның ішінде жер учаскесін сатып алуға несие береді.