Елімізде әлеуметтік-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны азайды
Биылғы қаңтар–қараша айларында елімізде тұрмыстық салада 841 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,9% аз.
Анықтама үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде осындай 903 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, бір жылда 7,7% азайған.
Өңірлер бойынша отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген: бір жыл бұрынғы 135 фактінің орнына 100 жағдай.
Одан кейін Алматы (87 жағдай), Қарағанды (80 жағдай), Павлодар (80 жағдай) және Қостанай (72 жағдай) облыстар.
Саладағы құқық бұзушылықтардың ең аз саны жаңадан құрылған үш облыста — Абай, Ұлытау және Жетісуда тіркелді: сәйкесінше 3, 4 және 5 жағдай.
Тіркерлген істердің 97,6%-ы жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты: 821 іс — бір жыл бұрынғыдан 7,9% аз. Бұл құқық бұзушылықтардың басым бөлігі денсаулыққа қасақана ауыр (327 іс) және орташа ауыр (295 жағдай) зиян келтіру, сондай-ақ адам өлтіру (99 іс) болды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушылар сонымен қатар меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық (9 жағдай) және басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық (4 іс) жасаған.