Депутаттар Елбасы туралы заңның күшін жоюға дауыс берді
Бүгін Парламент депутаттары палаталардың бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы» заңның күшін жоятын заң қабылдады.
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров былтыр респубикалық референдумға ел халқының 77 пайызы қатысып, Елбасы туралы заңның күшін жоюға дауыс бергенін еске салып өтті.
«Ата Заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды», деді Е. Сайыров.
Бұған дейін «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы аталған мәселеге қатысты Конституциялық Сотқа жүгінген. Конституциялық сот Конституцияның 62-бабының 4-тармағын ресми түсіндіретін жарлық шығарып, заң күшін жоюы тиіс деп мәлімдеді.