Алматыда халықаралық Digital форумы өтіп жатыр

Жарияланды
Цифрландыру саласындағы 100 жаңа жоба ұсынылады

Алматыда V халықаралық «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» цифрлық форумы басталды.

Форумда елдегі технопарктердің, халықаралық вендорлардың және венчурлік қорлардың көрмесі ұйымдастырылды. Онда индустрия 4.0. және Innovation Center индустриялық өнеркәсіптегі инновациялар мен үздік IT әзірлемелер көрсетіледі.

Стартаптар аллеясында FinTech, Smart City, EDtech, GameDev, IoT, 5G, SaaS, Blockcain, Big Data, MedTech, Logistic&Travel және т.б. саладан 100 жаңа жоба ұсынылады.

Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мисиннің айтуынша, биыл форум «жаңа болмыстағы цифрлық серіктестік» атауымен өткізіліп отыр.

«Алдағы екі күнде біз нарықтағы қазіргі ахуал туралы, болашаққа көзқарасымыз және жоспарларымыз туралы айтатын боламыз. Бірақ бәрінен бұрын әлемдік деңгейдегі өзгерістерге себепкер болып отырған қазақстандықтар туралы, ІТ нарығын оң бағытта дамытуға үлестерін қосып отырған отандастарымыз туралы айтатын боламыз» деп жазды министр.

Мусиннің айтуынша, «Digital Almaty» қазірдің өзінде бизнес өкілдерінің, халықаралық сарапшылар мен IT саласы мамандарының басын қосатын бірегей таптырмас алаңға айналған.

Жалпы айтқанда, бүгінде біздің елімізде 10 мыңнан астам IT-компания болса, осы салада 150 мың маман жұмыс істейді. Мыңдаған компания Astana Hub экожүйесіне кіреді.

Форум аясында Халықаралық технопарктер көрмесі, ірі IT-компаниялар, бағдарламалау мектептері, панельдік сессиялар және саланың көшбасшылары мен жетекші сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстелдер өптек Жастарды технологиялық кәсіпкерлікке тарту үшін алғаш рет Digital Ministry Cup робототехника чемпионаты ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыз