ҚазМұнайГаз және ЛУКОЙЛ «Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов» жобалары бойынша келісімге қол қойды

Жарияланды

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ Каспий теңізінің Қазақстан бөлігіндегі «Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов» жер қойнауы учаскесін иегру жобасы бойынша бірқатар келісім жасасты. Тараптар Қатысушылар келісіміне, «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС жарғылық капиталында 50% қатысу үлесін сатып алу-сату шартына және Қатысушылардың оператор қызметін қаржыландыру шарттары туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Фото:«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі

Құжаттар жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесін игеру бойынша бірлескен қызметінде құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Осылайша, «ЛУКОЙЛ» компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Каспий қайраңында жер қойнауының осы учаскесін игеруде стратегиялық серіктесіне айналды.

Келісімдер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ арасындағы жоба операторы – «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС компаниясындағы тең үлесін бекіту мақсатында жасалатын сатып алу-сату мәмілесі аяқталғаннан кейін күшіне енеді.

2023 жылы 6 ақпанда «ҚазМұнайГаз» Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде орналасқан «Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов» учаскесінде (күрделі теңіз жобасы) жер қойнауын пайдалану құқығын алды.

Сондай-ақ оқыңыз