Алматы қаласы ішкі көші-қон бойынша көш бастап тұр
Алматы қаласы ішкі көші-қон бойынша тағы да көш бастады. Бұл қалаға қоныс аударатындардың қатары кеміген емес. Мәселен 2022 жылы Алматы қаласына 35,3 мың адам көшіп келген. Астана қаласымен салыстырғанда 1,5 мыңға артық, деп жазады Бірінші несие бюросы.
Алматының көш бастауы жаңалық емес, әдетте қала бұл көрсеткіш бойынша бәрібір алда келеді. Алайда 2021 жылы Астанаға көшкендер қатары басым түскен еді. 2022 жылы оңтүстік шаһар бірінші орынға қайта шықты.
2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда қоныс аударғандар саны 20,7 пайызға немесе 6 мың адамға өскен. Өсімді Алматы (30,4 мыңнан 36,6 мың адамға) және Жамбыл (6,5 мыңнан 7,6 мың адамға) облыстарынан көшіп келушілер қамтамасыз еткен.
Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 6,1%-ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша Астана (33 798 адам), Шымкент (2 756 адам) қаласы және Алматы обласында (898 адам) халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.2022 жылғы қантар-желтоқсанда елге 17 293 адам келсе, 24 239 адам көшіп кеткен. Көші-қон сальдосы – -6 946 адам. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 57,5%-ға өсті, кеткендер саны 24,7%-ға азайды.