Қонаев қаласының инфрақұрылымын дамытуға 44,7 млрд теңге қажет
Қонаев қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 44,7 млрд, жолдарын жөндеуге 7,5 млрд теңге қажет. Бұл туралы Экономика министрінің Алматы облысына жұмыс сапары барысында айтылды. Әлібек Қуантыров Қонаев қаласының бас жоспары және «G4 City» ақылды қала жобасымен танысқан.
Қазіргі кезде бұл қаланың аумағы 9 мың га құрайды. Жаңа жоспар бойынша қала шекарасы 19 мың га болады. Демографиялық болжамға сәйкес, халық саны 2050 жылға қарай 200 мың адамға жетеді.
Негізгі әкімшілік ғимараттар қаланың қазіргі шекара аумағында орналасады. «Жаңа Іле» алаңында әлеуметтік, тұрғын үй және мәдени нысандар салынады.
«Қапшағай су қоймасы мен Іле өзені су туризмін жедел дамытуға мүмкіндік береді. Болашақта сервисті халықаралық деңгейге жеткізіп, ірі жарыстар мен спорттық жиын өткізу жоспарланған.Ойын бизнесі аймағы мәдени-ойын-сауық нысандарымен біріктірілген жағдайда жетекші халықаралық туристік аймаққа айналады», дейді жоспар авторлары.
Қазіргі кезде 107 тұрғын үй, 5 мектеп пен 2 емхананың құрылысы басталды.
«Қонаев қаласын дамыту, сондай-ақ «G4 City» жобасын іске асыру демографиялық және іскерлік белсенділік қысымды төмендетеді және осы қысымды Алматыдан агломерацияға көшіруге мүмкіндік береді. Облыстың әлеуеті зор. Болашақта біз Алматы облысын республикалық бюджеттің реципиентінен бюджет донорына айналдыруды жоспарлаудамыз», деді ҰЭМ басшысы.
Мемлекет басшысы облыс тұрғындарымен кездесуі барысында бұл қалада «академиялық қалашық» құру қажет деген болатын.
Алматымен екі ортада күн сайын дизель отынымен жүретін қаламаңы пойызы қатынайды.