Қазақстан Түркияға қосымша көмек жібереді.
Жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі», делінген хабарламада.
Осыған дейін Қазақстан Түркияға 1 млн доллар көмек берген болатын. Бұдан бөлек, тұрғындар тарапынан да бұл елге қайырымдылық кампаниясы жалғасып жатыр. Сондай-ақ, 100 шақты құтқарушы зілзаладан зардап шеккен аймақтарда құтқару жұмыстарына атсалысып жатыр.