Теңге бағамы, мұнай бағасы. Нарық өкілдерінің болжамы қандай?

Жарияланды

Биыл теңге біршама құнсызданып, доллар бағамы 477 теңге болуы мүмкін. Ал мұнай баррелі бағасы 83,1 долларды құрауы ықтимал. Ұлттық Банк жариялаған макроэкономикалық пікіртерімде нарық қатысушылары осындай болжам жасаған.

Пікіртерімге Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау және болжаумен айналысатын ұйымдар қатысады.

Ақпан айындағы пікіртерімде:

  1. AERC
  2. Halyk Finance
  3. Jusan Invest
  4. NAC Analytica
  5. Азия Даму Банкі
  6. АКРА
  7. Еуразиялық даму банкі
  8. Еуразиялық экономикалық комиссия
  9. Ренессанс Капитал
  10. Сентрас Секьюритиз
  11. Фридом Финанс
  12. Экономикалық зерттеулер институты мамандары өз пікірін айтқан.

Макроэкономикалық пікіртерімде Ұлттық Банктің болжамы қамтылмайды. Онда кәсіби нарық өкілдерінің нарық ішкі және әлемдік нарықтардағы жағдайдың келешек дамуына қатысты тәуелсіз пікірі, бағасы мен болжамы берілген.

МҰНАЙ БАҒАСЫ. 2022 жылғы қарашадағы сауалнама нәтижелерімен
салыстырғанда, сарапшылар 2023 жылға арналған мұнай бағасы бойынша сценарий шарттарын бір баррель үшін 87,5 доллардан 83,1 долларға дейін нашарлатқан. Сонымен қатар, 2024 жылы мұнай бағасы 78,5 доллардан 80 долларға дейін өсуі мүмкін. 2025 жылы мұнайдың орташа бағасы 80 доллар деңгейінде сақталады деп күтіледі.

ЖІӨ. 2023 жылы Қазақстан экономикасы өсіміне қатысты респонденттердің болжамы 3,8%-дан 3,7%-ға дейін аздап түзетілді. Алдағы екі жылда ЖІӨ 4% деңгейінде тұрақты өсім көрсетуі ықтимал.

ТБИ. 2023 жылғы инфляция бойынша респонденттер болжамдарының медианалық мәні 11,2% – дан 11,8% – ға дейін көтерілген. 2024 жылға болжам 8% деңгейінде сақталады. 2025 жылы инфляцияның одан әрі баяулайды деп болжам жасап отыр.

БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ. Респонденттер өз болжамдарында 2023 және 2024 жылдарға арналған базалық мөлшерлеме деңгейі жоғары болады дейді. Алайда базалық мөлшерлеме динамикасы төмендеуін күтіп отыр. 2023 жылға арналған базалық мөлшерлеменің орташа жылдық медианалық болжамы 15,5%, ал 2024 жылға – 11,4 пайыз. 2025 жылы базалық мөлшерлеме орта есеппен 9,3% деңгейінқа қалыптасуы мүмкін.

ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР ЭКСПОРТЫ. Нарық өкілдері 2023 жылға арналған тауарлар мен қызметтер экспорты көлемі бойынша болжамдарын 87,2-ден 91,6 млрд. АҚШ долл. дейін, ал 2024 жылға – 88-ден 93,9 млрд. АҚШ. долл. дейін көтерген. Сарапшылардың болжамына сәйкес, 2025 жылы экспорт көлемі қысқарып, 90,7 млрд. АҚШ долл. көлемінде құрылады.

ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР ИМПОРТЫ. Респонденттердің алдағы екі жылға арналған тауарлар мен қызметтер импортының көлемі бойынша болжамдары да ұлғаю жағына қарай түзетілді. Мәселен, 2023 және 2024 жылдары импорт көлемі 60,7 млрд АҚШ доллары көлемінде күтілүде (бұдан бұрын 54,1 және 57 млрд АҚШ долл деңгейінде). 2025 жылы респонденттердің күтулеріне сәйкес тауарлар мен қызметтердің импорты көтеріліп, 62,9 млрд АҚШ долларын құрайды.

USD/KZT БАҒАМЫ. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда теңгенің айырбас бағамы бойынша болжамы жасартылған. Бұған дейін сарапшылар 2023 жылы бір АҚШ долларының құны 490,1 теңге болады десе, осы жолы 477,8 теңгеге дейін құнсызданады деген болжам жасаған. 2024 жылы бір АҚШ доллар 500 теңгеге жетуі мүмкін. 2025 жылға арналған медианалық күтім бір АҚШ доллар үшін 515 теңгені құрады.

ЖІӨ-НІҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ӨСУІ. Сарапшылар 5 жылдық шегінде әлеуетті ЖІӨ-нің орташа өсу қарқыны 3,9% деңгейінде болады деп күтеді.

Бұған дейін ҰБ 2022 жылдың IV тоқсанында экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнама нәтижесін жариялаған.

Сондай-ақ оқыңыз