Зейнетақы қоры 3 млрд теңгеден астам активтерін қайтарып алатын болды
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2023/02/1537263691_7d486548b6585bc1920d5b31daccf43a_xl.jpg)
Алматы қаласы прокуратурасының азаматтық, әкімшілік істер және атқарушылық іс жүргізу бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасы «HOMEBROKER» АҚ-мен «БЖЗҚ» АҚ пайдасына 3 161 428 049 теңге мөлшерінде зейнетақы активтерін өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдады (Алматы қ. МАЭС-тің 01.07.2016 ж. шешімі). Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады.
Атқарушылық іс жүргізу материалдарын зерделеу кезінде «HOMEBROKER» АҚ – ның борышкердің банкроттығы жолымен «БЖЗҚ» АҚ алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару, кейіннен осы міндеттемелерді есептен шығару және дебитор-аффилиирленген компаниялардан борышты өндіріп алу жөнінде пәрменді шаралар қолданбау фактілері анықталды.
Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша «БЖЗҚ» АҚ «HOMEBROKER» АҚ-мен «Сити Сервис Инвест Строй» ЖШС-нен осы қаражатты өндіріп алу жолымен берешек сомасын сот тәртібімен өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілді, нәтижесінде «БЖЗҚ» АҚ алдындағы «HOMEBROKER» АҚ берешегі толық көлемде өтелді.