Ұлыбританияда несие алатын тұрғындар саны күрт артты

Жарияланды

Ұлыбританияда дүкеннен электроника немесе жиһазды қарызға алып, бөліп төлейтіндер көбейген. Бұған енді билік алаңдаулы. Оппозициялық партия өкілдері де несиелеу компанияларын қадағалауды күшейтуді жеделдету керектігін талап етіп отыр. Бұл туралы Хабар24 сайты хабарлады.

Ұлыбритания да қымбатшылықтан құтылудың амалын таппай-ақ келеді. Елде бәрі қымбаттады. Азық-түлік пен коммуналдық қызмет ақысын айтпағанда киім-кешек, жиһаз, электрониканың бағасы шарықтап тұр. Тұтынушылар қажетін несиеге алып, онысын бөліп төлеуге дағдыланып келеді.

Қазір сатып ал да, кейін төле. Бұл шарт бойынша сатып алған заттың ақшасын бірден емес, белгіленген мерзімнен кейін немесе бөліп төлеуге болады. Мұндай қызметті несие ұйымдары ұсынады. Зерттеулерге қарағанда, тұтынушылар былтыр интернет саудасына жұмсаған 8 фунттың 1 фунтын осындай компаниялардан қарызға алған. Бірақ борыш өтелмесе немесе кешіктірілсе тұтынушы қосымша шығынданады. Бірақ мұндай ақпарат көп емес. Өйткені бұл сала әзірге қадағаланбайды.

Енді Үкімет бұл секторды реттеу ережелерін бекітуге білек сыбана кіріспек. Қаржылық қадағалау басқармасының есебінше, бұл бастама шамамен 10 миллион тұтынушыны қорғайды.

«Борышкер қарызданғанмен оның басына қара бұлт үйірілетіндей жағдай туындамауы керек», – дейді биліктегілер.

Сондай-ақ оқыңыз