Қаңтар айында негізгі капиталға 755 млрд теңге инвестиция тартылған

Жарияланды
Тау-кен өнеркәсібіне тартылған инвестиция қомақты. Фото: shutterstock.com

Қаңтар айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 755,1 млрд теңгені құрады. Бұл кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткіштің бірі. 2022 жылғы қаңтар айымен салыстырсақ, өсім 18 пайызы құрады, деп жазады Бірінші несие бюросы.

Инвестиция салудағы ең тартымды сала – тау-кен өнеркәсібі болып қала береді. Бұл салаға талтылған инвестицияның 43%-ға жуығы (немесе 323,5 млрд. теңге) құйылған. Бұл цифр бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,6 пайызға артық. Шикі мұнай мен газ өндіруге 270,7 миллиард инвестиция құйылған. Яғни Қазақстанға құйылған инвестицияның әрбір үшінші теңгесі дәл осы салаға тиесілі.

Ал инвестициялы тартымдылығы жағынан екінші орынға жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар орналасқан. Бүкіл инвестицияның шамамен бестен бір бөлігі – 163,1 млрд теңег осы салаға бағытталған. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 33,7 пайызға артық.

Жалпы инвестциялық ағынның 10%-ын қамтамасыз еткен өңдеу өнеркәсібінде жағдай жақсы емес. Оған қаңтар айында 76,5 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,5%-ға аз. Металлуагия саласындағы инвестиция бірден 34%-ға, 23,3 млрд теңгеге дейін төмендеген атап өткен жөн.

Тартылған нвестицияның 7,3%-ы көлік және қойма саласына құйылды – 54,8 млрд теңге (+31,8%).

Премьер-министр Әлихан Смайылов 2022 жылы Қазақстан экономикасы оң өсу қарқынын көрсетіп, инвестициялық тартымдылығын сақтап қалды деп мәлімдеген еді. Атап айтқанда, өткен жылдың 9 айында республикаға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 17,8%-ға өсіп, $22,1 млрд-ты құраған.

Сондай-ақ оқыңыз