БҚО-дағы тікұшақ апаты: қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі

Жарияланды
вертолет
Фото: ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына «Қазавиақұтқару» АҚ жан-жақты көмек көрсетеді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

«Қазавиақұтқару» АҚ қаза тапқандардың отбасына жан-жақты көмек көрсетеді. Ритуалды қызметтерге жұмсалатын барлық шығынды «Қазавиақұтқару» көтереді. Қаза тапқан қызметкерлердің отбасындағы балалар кәмелеттік жасқа толғанға дейін қаза тапқан қызметкердің жалақысы мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Бұл мәселенің барлығы ТЖ министрінің жеке бақылауында», – деді Руслан Иманқұлов.

Айтуынша, барлық қажетті төлем  ұжымдық келісімшартқа сәйкес төленеді.

23 ақпан күні «Қазавиақұтқару» тікұшағы БҚО-да қонуға мәжбүр болған. Қатты екпінмен қонған тікұшақ зақымданып, төрт адам қаза тапқан болатын.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ми-8 типті тікұшағын пайдаланатын әуе компанияларының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Бұл жайында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз