АҚШ Украинаға $10 млрд көмек бермек

Жарияланды
АҚШ УКраинаға қаржылай көмек бередіү Фото:

АҚШ мемлекеттік департаменті Украинаға 10 миллиард доллардан астам көмек береміз деп мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі.

«Бүгін АҚШ Халықаралық даму агенттігі және Қаржы министрлігімен біріге отырып біз Украина үкіметіне бюджеттік қолдау мен қосымша экономикалық көмекті қамтитын 10 миллиард доллардан астам көмек беретімізді жариялаймыз», делінген Мемлекеттік департамент сайтында.

Украинаны қолдауға шамамен 9,9 миллиард доллар бөлініп, сондай-ақ Киев энергетика саласының қажеттіліктері үшін 250 миллион доллар бөлу жұмыстары басталған.

Ақ үй басшысы Джо Байден Киевке сапары барысында Украинаға 500 млн доллар көлемінде әскери көмек беретінін мәлімдеген еді.

Бұл көмектің ішінде HIMARS доңғалақты шассиіндегі бірнеше зымыран жүйесіне арналған оқ-дәрілер де бар. Байден Вашингтонның Украинаны қажетінше қолдайтынын жеткізді.

Ресей Президенті Украина жерінде арнайы операция бастайтыны туралы 2022 жылдың 23 ақпанында мәлімдеген болатын, ал келесі күні Украина жеріне басып кірді. 

Сондай-ақ оқыңыз