Транзиттегі кедергілер іскерлік белсенділік қарқынын тежеп тұр

Жарияланды
Іскерлік белсенділік индикаторы 50,0 көрсетті. Фото: shutterstock.com

Ақпанда іскерлік белсенділік индикаторы 50,0 көрсетті. Бұл оң және теріс өзгерістер болмағанын білдіреді. Бүкіл сектор үшін жеткізілім тізбегіндегі мерзім ұзақтығы іскерлік белсенділікті қалпына келтіруді тежейтін фактор күйінде қалып отыр, деп түсіндіреді ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин.

«Индекс мәні 49,1-ден 51,6-ға дейін көтерілген құрылыста іскерлік белсенділіктің жақсарғаны байқалады. Қызмет көрсету секторында индекстің төмендеуіне қарамастан, ол 50,6 болып (2023 жылғы қаңтарда – 52,0), өсу аймағында  қалды. Өндірісте іскерлік белсенділік индексі қаңтардағы 51,0-ден 49,7-ге дейін аздап түсіп, төмендеу жағына өтті. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіш биылғы қаңтарда 45,8-ден 46,6-ға дейін аздап жақсарғаны байқалды, дегенмен, көрсеткіш теріс аймақта қалды. Өндіріс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде жұмыспен қамту деңгейі де төмендеген», дейді Рүстем Оразалин.

Бизнес-ахуал индексі аздап жақсарған. Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, бизнесті жүргізудің ағымдағы жағдайы аздап төмендеуіне қарамастан, жалпы қолайлы болып тұр.

Нәтижесінде, ағымдағы және болашақ бизнес жағдайлардың орташа бағасын білдіретін бизнес-ахуал индексі 12,8-ге дейін көтеріліп (2023 жылғы қаңтардағы 11,9-дан), бизнес-цикл «сағатының» көресткіші өсу аймағында қалды.

Теріс аймақта сегіз ай бойы болған іскерлік белсенділік көрсеткіші 2023 жылғы қаңтарда өсу аймағына өту арқылы жақсарып, 50,7-ні құрады.

Сондай-ақ оқыңыз