«Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын жаңғырту жұмыстары басталды
«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев Атырауға жұмыс сапары аясында «Астрахань-Маңғышлақ» магистралдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту, 1-кезек» жобасының іске асырылу барысын тексерді. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті хабарлады.
Аталған жоба «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырының ұзындығы шамамен 176 км болатын екі учаскені ауыстыруды көздейді. Бұл «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырының өткізу қабілетін 2024 жылы тәулігіне 110 мыңнан 170 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді.
«Магистральдық су құбыры» ЖШС Бас директоры Берік Салпектің айтуынша, қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып кетті. Құрылыс объектілерінде құбыр өнімдерін жоспарлы жеткізу жүргізіледі. Диаметрі 1220 мм болатын шамамен 9 км құбыр қабылданды.
«Астрахань-Маңғышлақ» магистралдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту, 1-кезек» жобасы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес іске асырылады. «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын жаңғыртуды аяқтау 2023 жылдың соңына жоспарлануда.
Жобаны қаржыландыру үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан 66,7 млрд теңге сомасында несие алынды. Қазіргі таңда аталған несие желісі аясында 29,7 млрд теңге игерілді. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарыстың салдарынан арылу мақсатында 70 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. «Магистральдық суағызғы» ЖШС-не қаражат аударудың нақты шарттары мен механизмі «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен анықталады.
Қолданып келе жатқан «Магистральдық суағызғысы» ЖШС-нің 2022-2027 жылдарға арналған магистральдық су құбырлары арқылы су беру қызметі бойынша тарифтер реттеліп көрсетілетін қызметтерге кететін және жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын шығындарды жаппайды. Қазіргі таңда «Магистральдық суағызғысы» ЖШС тарифтерді қайта қарастыру бойынша жұмыс сот арқылы іске асып жатыр.
«Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбыры – стратегиялық маңызды объект, Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының тұтынушылары үшін, сондай-ақ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандары үшін су берудің жалғыз орталықтандырылған көзі. Суды тұтынатын халық Маңғыстау облысы санының 35%-дан астамын және Атырау облысы санының 28%-дан астамын құрайды. Жыл сайын халықтың су тұтыну көлемі 4-5%-ға артып келеді.
Бұдан басқа, Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан мұнай-газ өндіру және өнеркәсіп кәсіпорындарының, сондай-ақ мұнай-химия өндірістері жобаларының жұмыс істеуі мен дамуы Еділ суының үздіксіз берілуіне байланысты болып отыр.
2022 жылы Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахань – Маңғышлақ» су құбыры бойынша «Магистральдық су құбыры» ЖШС-не 29 млн 786 мың текше метр тұщы су берілді, 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда су жеткізу көлемінің ұлғаюы 399 мың текше метрді құрады.