Сайлауға қатысып жатқан партиялар атынан кімдер теледебатқа түсетіні анықталды

Жарияланды
Сайлау алындағы теледебатқа қатысатындардың аты-жөні белгілі болды. shutterstock.com

Саяси партиялар сайлау алдындағы теледебатқа қатысатын өкілдерін анықтады. Орталық сайлау комиссиясы қатысушылар тізімін бекітетін қаулы қабылдады.

Теледебатта «Аманат» саяси партия атынан партия жетекшісі Ерлан Қошанов қатысады; «Ауыл» партиясынан – Жигули Дайрабаев; «Республика» партиясынан – Айдарбек Қожаназаров; Қазақстан халықтық партиясынан – Ермұхамет Ертісбаев; «Байтақ» партиясынан – Азаматхан Әміртаев; «Ақ жол» партиясынан – Азат Пераушев; ЖСДП партиясынан – Нұрлан Әуесбаев шығады Бұл туралы комиссия отырысында ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова мәлімдеді.

Айта кетейік, Жигули Дайрабаев пен Нұрлан Әуесбаев бұрын президенттікке үміткер болған.

Бүған дейін ОСК саяси партиялардың сайлау қорындағы қаражат туралы ақпарат жариялаған, Оған сәйкес, қазақстандықтар Amanat, «Ауыл», ҚХП, «Ақ жол» партияларының қорына 696,4 млн тенге аударыпты. Ал, Respublica, «Байтақ»  және ОСДП партиялары халықтан ақша алмапты.

Елімізде Мәжіліс пен Мәслихаттар сайлауы 19 наурызға белгіленген. Оған саяси партиялар мен бір мандатты округтер бойынша кандидаттар ұсынылды. Үгіт-насихат науқаны 17 наурызға дейін жалғасады. 18 наурыз тыныштық күні.

Сондай-ақ оқыңыз