БҰҰ келесі аптада Ресеймен келіссөздер жүргізеді

Жарияланды
Фото:kazislam.kz

БҰҰ өкілдері келесі аптада Женевадағы Ресей делегациясымен келіссөздер жүргізеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Кездесу ресейлік астық пен тыңайтқыштарды экспорттау мәселелеріне қатысты болуы мүмкін.

Сонымен қатар, 8 наурызда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Владимир Зеленскиймен Қара теңіз астық бастамасын ұзарту мәселесін талқылау үшін Киевке барады.

Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ арасында 2022 жылдың шілдесінде жасалған астық мәмілесінің мерзімі 18 наурызда аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыз