Рекорд: қаңтар айында Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 1 трлн теңгеден асты

Жарияланды
Ритейл көлемі 1 трлн теңгеден асты. Фото: shutterstock.com

Биыл қаңтар айында бөлшек сауда көлемі 1,1 трлн теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғыдан ақшалай түрде 45,6% көбейді. Бөлшек сауданың физикалық көлемінің нақты өсімі 20,8%-ды құрады, деп жазады, Finprom.kz

Құндық мәнде азық-түлік тауарларының бөлшек саудасы бір жылда 21,8% 292,3 млрд теңгеге, азық-түлік емес тауарлар — 57,4%, 766,8 млрд теңгеге өсті.

Салыстырар болсақ, 2022 жылдың сәйкес кезеңінде бөлшек сауда көлемі 727,3 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан ақшалай түрде 7,9% аз.

Өңірлер бойынша ең жоғары бөлшек сауда Алматыға тиесілі: ҚР-ның 31,7%-ы немесе 335,8 млрд теңге, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 2,1 есе көп. Көрсеткіштің осыншалықты күрт өсуіне басқа себептермен қатар, былтырғы қайғылы «Қаңтар оқиғасы» да себеп болды.

Айтпақшы, базарлардың жұмысын өркениетті форматқа көшіру аясында Алматы қаласы мен Алматы облысында «контрмагнит» базарлар құру ұсынылып отыр, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми ресурсы. Бұл базарлардың қызметін ретке келтіретін, көлеңкелі айналымды азайтатын, салық түсімдерін арттыратын, отандық тауар өндірушілердің сату нарықтарына тікелей шығуын қамтамасыз ететін А санатты сауда орталықтары.

Екінші орында елорда келеді: 128,8 млрд теңге, бір жылда 37,4% көбейген. Үздік үштікке Қарағанды облысы да кірді: 89,3 млрд теңге, бір жылда 13,5% өскен.

Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау, Жетісу және Түркістан облыстарында тіркелді: тиісінше 6,3 млрд, 15 млрд және 16,9 млрд теңге. Түркістан облысындағы халық тығыздығын ескере отырып, біз бұл оңтүстік өңірде бөлшек сауда көлемін ресми түрде тіркеу жағы ақсап жатыр деп сеніммен айта аламыз.

Сондай-ақ оқыңыз