Алаяқтардан сақтаныңыз: соттан тыс банкроттық рәсімі тегін жүргізіледі – Мемлекеттік кірістер комитеті

Жарияланды
Банкроттыққа 11 мыңнана астап азамат өтініш берген
Банкроттыққа 11 мыңнана астап азамат өтініш берген. Фото: kursiv.media

3 наурызда азаматтардан банкроттыққа өтініш қабылдау басталғаны белгілі. Бұл қызмет – ақысыз, тегін көрсетіледі.

Алайда, кейбір ХҚКО-ның маңында «банкроттыққа өтініш өткізіп берем» дейтін делдалдар қаптап кеткен. Осы орайда Мемлекеттік кірістер комитеті соттан тыс банкроттық рәсімі (қарызы 5,5 млн. теңгеден аспайтындарға) тегін жүргізілетінін хабарлайды.

Банкроттық рәсімін қолдану тәртібі туралы ақысыз толық ақпарат алу үшін ХҚКО-ның операторларына немесе мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне бару қажет.

Қазіргі кезде соттан тыс банкроттыққа 11 177 өтініш түскен (eGov арқылы – 10 462,
e-Salyq Azamat арқылы – 715). Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Сонымен қатар, өзін банкрот деп жариялағысы келетіндер Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, электронды үкімет порталы сондай-ақ «e-Salyq Azamat» немесе «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады.

Сонымен қатар, 1414 нөміріне телефон шалып, немесе https://t.me/SalyqBot Telegram чат-ботына сұрақтар қоюға болады.

Мына сілтеме бойынша бейненұсқаулықпен танысуға болады.

Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банкроттық рәсімдейтін оператор емес екенін хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз