Қаржы министрі бюджет қаржысын игере алмай отырған мемемелер мен өңірлерді атады

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биыл қаңтар-ақпанда аралығында мемлекет қаржысын игере алмаған министрліктер мен өңірлерді айтты.

Республикалық бюджет бойынша 3,4 трлн теңге сомасына шығыс жүргізілді. Атқарылмаған қаржы 123 млрд теңгені құраған.

«Оның ішінде 22 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 101 млрд теңге. Ең көп игерілмеу сомасы Ішкi iстер, Қаржы, Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде қалыптасты», – деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Игерілмеудің негізгі себептері төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген; конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді ұзақ жасасуы; бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау; шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы өткізілмеуі; есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы болып отыр.

Сондай-ақ жергілікті бюджеттердің шығысы – 1,3 трлн теңге.

«Атқарылмағаны – 45 млрд теңге. Биыл өңірлерге 1,2 трлн теңге нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 наурызға дейін 56 млрд теңге бөлінген. Оның 80,1%-і игерілген. 11 млрд теңге игерілмеген.

Ең көп игерілмеу Астана және Алматы қалаларында, Павлодар және Абай облыстарында қалыптасты.

Игерілмеудің негізгі себептері: қадағалау органдарының нұсқамалары, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау», – деді министр.

Сондай-ақ оқыңыз