Бағдат Мусин «Роскосмос» мүлкіне Қазақстан тарапынан шектеу қойылуы туралы мәселені түсіндіріп берді

Жарияланды
мусин
Фото: Аскар Ахметуллин

Байқоңырдағы «Роскосмос» активтеріне бірнеше миллиардтаған тиым салынғаны туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа қатысты Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин пікір білдірді.

Оның айтуына, шектеу тұтас «Байқоңыр» кешеніне емес, ЦЭНКИ (Жерүсті ғарыштық инфрақұрылым нысандарын қолдану жөніндегі орталықтың) кәсіпорнының мүлкіне қатысты екенін жеткізді.

«Екеуі екі мекеме. Біржағынан «Бәйтерек» БК» АҚ, екінші жағынан ЦЭНКИ.  Астана халықаралық қаржы орталығындағы арбитражды сотта сот процессі өтіп, АХҚО үкім шығарды. Осыдан кейін сот орындаушы еліміздің заңы аясында сот шешімін орынауға көшті», деді Мусин.

Министрдің айтуынша, АХҚО сотының деңгейінде сот процессі жалғасуы тиіс.

«Сот процессі жалғасады. Қазіргі таңда, менің білуімше ЦЭНКИ кәсіпорнының басшылары Қазақстанда. Компаниямен АХҚО соттарының деңгейінде процедураларды жалғастыру туралы келіссөздер жүріп жатыр»,  деді Мусин.

Ол сот шешімі нақты қандай сома бойынша шығарылғаны дәл есінде жоқ екенін ескертіп, «бір немесе 2 миллиард айналасында» екенін жеткізді.

Наурыз айының басында бірнеше ресейлік БАҚ Қазақстан «Роскосмостың» еншілес компаниясы ЦЭНКИ-дің мүлкіне шектеу қойғанын, енді оны Қазақстаннан шығаруға тиым салынатынын жазған болатын.

Байқоңыр әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Ол 1957 жылы ашылған, Қызылорда облысының аумағында орналасқан. 1994 жылғы Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім шарт бойынша Байқоңыр Ресейге 20 жылға жалға берілген. 2004 жылы жалға беру уақыты 2050 жылға дейін ұзартылған.
1Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV «Ғарыш қызметі туралы» Заңының негізінде «Байқоңыр» ғарыш айлағы ғарыш объектілерін ұшыруды дайындауға және жүзеге асыруға арналған ғарыш инфроқұрылымының құрамдас бөлігі және жекешелендіруге жатпайтын мүліктік кешені. Ресей Қазақстанға ғарыш айлағын жалға алғаны үшін жыл сайын 115 млн доллар төлейді.

Сондай-ақ оқыңыз